Әссәлямуалейкум жамағат, иіліп сәлем бердім! Ақ үйіме қош келіпсіз, төрлетіңіз! Дастархан жайылып болғанша, өмірде болған бір оқиғаны айта отырайын, тыңдай салыңыз. Осыдан шамамен 1993 жылдың 8 сәуірінде Сыр өңірі – Қызылорда қаласында, Бектемістер әулетінде, Саттар мен Розаның қызы, Альбина әпкесі мен Нұрсұлтан ағасының еркесі болған аппақ қыз “іңгәләп” дүние есігін ашады. Ел – жұрт жиылып, кіп – кішкентай, томпиған, аппақ қыздың есімін нұрлы жүзіне қарап, “Ақнұр” қойыпты деседі… Сәби өсе келе балабақша, одан қалды мектеп табалдырығын тоздырып, биыл Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің 2 – курс студенті атаныпты. Болашақта Шехрезат ханымдай, сәулет өнері және құрлыс ісіне араласпақшы, ИншАллаһ! Өмірде қойған мақсаттары көп. Басты арманы – ата - ананың ақ сүтін ақтап, Аллаһ разылығы үшін иманды отбасын құрып, инабатты да ибалы келін, сүйікті жар, бақытты АНА атану, ИншАллаһ! Жаманның жақсылығын іздеп тұратын, адам жанын түсіне алатын, ұялшақтау мінезі бар. Қазіргі таңда оқуын оқып, сүйікті істерімен айналысуда. Сол сүйікті істерінің біріне “Ақнұрдың ақ парағы…” атты блогы қосылды. Тақырыпта айтылып тұрғандай, ақ парақты шимайламақ ойы бар… Әрбір ісін Аллаһтың атымен бастайтын болғандықтан, блогының да маңдайшасына жазып қойғанды жөн көрді. Блог құрылысының кірпішін қалауға көмектескен Асхат ағайға (Өрімтал) шексіз алғысын білдіреді Аллаһ разы болсын! 15.08.2011 ж. Қасиетті Рамазан айында құрылысы қаланған ақ үйдің жанынан өтіп кетпей, әңгіме – дүкен құруға келіп тұрыңыз!

15 Responses »

    • Рахмет, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің политехникалық институты болдық биылдан бастап. Факультет дәрежесінен бір саты жоғарыладық :)

  1. Pingback: 13.QB. Тамызда тіркелген қазақша блогтар « Өрімтал

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s